20 қарашада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 қараша күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 17:30-да «Астана» концерт залының сахнасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді. Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылады. Кеш бағдарламасында шығармашылық ұжым қазақтың халық билерін, әлемнің түрлі халықтарының билерін, сондай-ақ жаңа қойылымдарды ұсынатын болады.