Бұл уақытта WTI мұнайына қаңтар фьючерстерінің бағасы барреліне 9,6% немесе $49,57 дейін қымбаттады. Бұған дейін хабарланғандай, ОПЕК-ке мүше мемлекеттер 2008 жылдан кейін алғаш рет мұнай өндірісін азайту көлемі туралы келісімге келді.
12:25, 01 Желтоқсан 2016
20 қазаннан бері тұңғыш рет Brent мұнайының бағасы $52 асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2016 жылдың 20 қазанынан бері тұңғыш рет 52 доллардан асты. Бұл туралы бүгінгі саудада белгілі болды. Атап айтқанда, Мәскеу уақытымен 22:02-де Brent мұнайына деген ақпан айындағы фьючерстердің бағасы барреліне 12% немесе $52,04 көтерілді, деп хабарлайды Ведомости.