Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның шекара және кедендік бақылауынан өткен қазақстандық азамат автотұрақта шекара қызметі қызметкерлерінің қолына түскен болатын. «Ыстамбұл-Алматы» бағытында қатынайтын ТК-350 рейсімен келген аталған азаматтың жеке заттарын тексеру барысында салмағы 20,9 келі болатын алтын бұйымдар табылды. Аталған істі тергеуді қаржы полициясы органдары жүргізді.
Тергеу қорытындыларына сәйкес зергерлік бұйымдардың құны 108,9 млн. теңгені, ал мемлекет бюджетіне төленуі тиісті кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 35 млн. теңгені құрайды.
Кеше ҚР ҚК 209 бабында қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін Көшкінбаев ісі сотқа берілді.