20 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
АСТАНА. KAZINFORM - Циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен 20 маусымда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Сонымен қатар, мына өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады:
Алматы облысы,
Абай облысының солтүстігі мен шығысы,
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігі,
Жамбыл облысының оңтүстігі мен солтүстігі,
Батыс Қазақстан облысының батысы, шығысы және оңтүстік-шығысы,
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысы,
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі,
Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігі,
Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, орталығы мен оңтүстігі,
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы.
Ал мына аймақтарда өте жоғары, төтенше өрт қаупі болжанып отыр:
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстары,
Ұлытау облысы,
Жетісу облысының солтүстігі, шығысы мен орталығы,
Алматы облысының солтүстігі, батысы және орталығы,
Атырау облысының шығысы мен орталығы,
Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысы,
Павлодар облысының солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысы,
Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігі,
Батыс Қазақстан облысы,
Абай облысының батысы, солтүстік-батысы және оңтүстігі,
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығы.
Ауа температурасы да жоғарылайды.
Жетісу облысында күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Абай облысында 35–38 градусқа дейін,
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Айта кетейік, Қанат Бозымбаев табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру жүйесін әзірлеу барысын тексерді.