20 маусым. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 20 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
72 жыл бұрын (1952) Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жұматай Әлиұлы ӘЛИЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында дүниеге келген. 1974 жылы Ленинград мемлекеттік университетін, 1983 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған, философ, экономист. Философия ғылымының докторы, профессор.
Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік дәрігерлер институтында мұғалім болып еңбек еткен. 1977-1982 жылдары ҚЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, ҚЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің екінші хатшысы, ҚКП Алатау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1982-1983 жылдары Алматы қалалық сүт зауытында аға технолог-инженер, бас инженердің орынбасары, 1983-1997 жылдары Алматы сәулет және құрылыс институтында аға мұғалім, Алматы мал дәрігерлік институтының әлеуметтік-экономика пәндері кафедрасының меңгерушісі, ҚазМАУ гуманитарлық даярлау орталығы басшысы, 1997-2001 жылдары Орталық-Азия университетінің ректоры, президенті, 2001-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, 2008-2012 жылдары Орталық Азия университетінің қамқоршы кеңесiнің төрағасы, профессор, «Тұрақты Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы, 2012-2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжлісінің депутаты болды.
III, II дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері.
58 жыл бұрын (1966) «Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі» РМКК директоры Гүлайым ЖҰМАБЕКОВА дүниеге келді.
Алматыда туған. 1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді.
1991-2013 жылдары Ә. Қастеев музейінде экскурсия жетекшісі, редактор, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зергерлік өнер секторының жетекшісі болып жұмыс істеді. 2013-2022 жылдары Қолданбалы өнер бөлімінің жетекшісі болды.
Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың сәуірінен.
52 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және КХДР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Шахрат Шәкізатұлы НҰРЫШЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Бейжің лингвистикалық университетінің қытай филологиясы факультетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген.
Алматы қаласында туған. 1995 жылы Бейжің тіл университетін, 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2012 жылы Назарбаев университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының референті, 1997-1999 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Төлқұжат-визалық қызметінің атташесі, үшінші хатшысы, 1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы болып қызмет атқарған. 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы тұрақты өкілі, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2008-2015 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі және Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі, 2009-2010 жылдары ҚР Үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасымен ынтымақтастық сұрақтары бойынша Арнайы өкілі, 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы, 2019-2022 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 8 cәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қайта тағайындалды.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
36 жыл бұрын (1986)«Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС Өткізу жөніндегі директоры Айбек Балтабекұлы БОРШАНОВ дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірді, құқық және экономика магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС инженер-талдаушысы қызметінен бастаған. 2009 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС іске асыру бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2011-2014 жылдары «Қарағанды Жарық» ЖШС Электр энергиясын бөлуді техникалық бақылау және талдау қызметінің бастығы, 2015-2016 жылдары Электр энергиясын бөлу департаменті директорының орынбасары, «Қарағанды Жарық» ЖШС Перспективалық дамыту департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016-2017 жылдары «Қарағанды Су» ЖШС Бас директорының өткізу жөніндегі орынбасары, 2017-2019 жылдары «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС директоры, 2019-2020 жылдары «Қарағанды Су»ЖШС Бас директоры, 2020-2021 жылдары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Коммерциялық директоры қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС Директорының өткізу жөніндегі орынбасары лауазымында болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қараша айынан бастап атқарып келеді.
«Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі», «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының Құрметті энергетигі» атақтарына ие, «ГОЭРЛОға 100 жыл» медаліне ие, ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен, Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
78 жыл бұрын (1946-2019) Кеңес Одағында бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған тұңғыш қазақстандық боксшы, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, бокстан Америка, Еуропа, Африка елдерінде өткен халықаралық жарыстардың жеңімпазы,жаттықтырушы, киноактер Әбдірашит ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік институтын бітірген. 1969 жылы КСРО кубогын жеңіп алды. 1970-1971 жылдары жартылай орта салмақта КСРО чемпионы атанды. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Әбдірахманов боксшыларды жаттықтыра бастады. Оның шәкірттерінің қатарында әлем чемпиондары Орзубек Назаров пен Андрей Курнявка бар. Қазақстан Республикасының шығыс жекпе-жегінің дамуына зор үлес қосты. Ол жекпе-жектің көптеген түрлерінен, атап айтқанда бокс, ушу-саньда, кикбоксинг,тай-бокстан спортшыларды дайындаы. ҚР Президенті күзетінің арнайы батальонын дайындаумен айналысты. Алайда, жаттықтырушылық қызметтен бас тартып, актерлік өнерге бет бұрды. 1969 жылы атақты боксшы белгілі қазақстандық режиссер Шәкен Аймановтың көзіне түседі. Оны «Ақ шаршы» фильміндегі боксшының рөліне шақырады. Басты рөлді Әбдірашит сомдаған Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романы бойынша түсірілген фильм 1996 жылы Берлин фестивалінде әлемдік кино өнеріне қосқан үлесі үшін «Алтын камера» жүлдесін иеленді.