20 маусымда жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы болады деп күтілуде, тек республиканың батысында және солтүстік-шығысында атмосфералық ағындар ықпалымен кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, шаң көтеріліп, ұйытқыған жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жел соғады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде шаң көтеріліп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын күндерде республика оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және шығысының көптеген таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздануы күтілуде. Қазақстанның қалған сулы нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.