Түркістан облысының Жетісай ауданында Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді, деп хабарлайды Kazinform.
35 жастаға Гүлмира Ізтілеуова Асықата ауруханасында Әлімхан есімді сәбиді дүниеге әкелді. Бұл Шакеновтер отбасындағы 4-бала. Нәрестенің салмағы 3400 гр, бойы 51 см болып туылған.
Анасы Гүлмира «Жеңіс» жалпы орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болса, әкесі Ерғалидің тұрақты жұмысы жоқ.
Әзірге жас отбасы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша шалғайдағы ауылдарға баруға ниеттеніп отыр.
Құжаттарында құзырлы органдарға өткізіп қойған.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.