20 миллионыншы болып туған бес баланың бірі 20-шы аймақта өмірге келді

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақстанның 20 миллионыншы азаматы дүниеге келді. Нәрестенің есімі Томирис, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.

Фото: Жезқазған қаласының перинаталдық орталығы

Еліміздің санын 20 миллионға жеткізген нәрестелердің бірі кеше 14 қараша күні сағат 08:10-да дүниеге келді. Сәбидің есімі – Ақылбек Томирис Сұңғатқызы. Бұл Сұңғат Сейітжан мен Әйгерім Молдашеваның тұңғышы.

Ата-ананы облыс және қала басшылығы құттықтады.

Бұл күні Жезқазғанда тағы 10 бала дүниеге келді. Қала әкімдігінен барлық жаңа туған нәрестелерге сыйлықтар табыс етіледі.

Фото: Жезқазған қаласының перинаталдық орталығы