20 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.
10.00-де Назарбаев Университетінде Қазақстан шахмат федерациясы FIDE-мен бірлесіп, білім, ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері, білім басқармасының басшылары, Қазақстан мектептерінің директорлары үшін ұйымдастырған «Білім берудегі шахмат» халықаралық конференциясы өтеді.
10.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде «Бауыржан Нөгербек мұрасы: теория, сын және кинопедагогика» атты еліміздегі кәсіби кинотанудың негізін қалаған кинотанушы, профессор, өнертану кандидаты, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Нөгербек Бауыржан Рамазанұлының 75 жылдығына арналған халықаралық форум өтеді.
11.00-деАстана қаласы коммуникациялар қызметінде «Қаланың магистралды көшелерінің дизайн-коды – Астананың сәулет келбетін жақсарту құралы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.
Спикерлер: «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов, «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС жетекші сәулетшісі Гүлшат Батчан.
Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Әйгерім Күдеринова; ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» диагностикалық-консультативтік бөлімінің басшысы Әлия Ерсарина; Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Назым Әбілқасымова.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
15.00-де елордалық Достық үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан - бірлік пен татулықтың Отаны» тақырыбында дөнгелек үстел өтеді.
17.00-де Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында Қазақстандағы донорлық және органдарды трансплантациялау туралы «На грани жизни» деректі фильмінің премьерасы.
19.00-де Astana Opera театрында «Double reed» №1 фестивалі өтеді.
19.00-деҚалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қорғансыздың күні» драмасы қойылады.
19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Здесь хорошо» концерті өтеді.