20 шілдеде Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры баспасөз мәслихатын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 20 шілде күні сағат 11:00-де Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының бас директоры Альфия Дәулетқалиқызы Адиеваның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Өтетін орны - Астана қаласы Сығанақ көшесі, 17/10, 18-қабат.

Шарада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының 2023 жылдың алғашқы жартысындағы жұмыс нәтижесі мен алдағы уақытқа жоспары сөз болады.

Спикер журналистерді қызықтыратын бүкіл сұрақтарға жауап береді.

Тіркеуден өту үшін 19 шілде сағат 17:00-ге дейін журналист пен оператордың аты-жөні, БАҚ атауы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі/қашан және кім берді, техника тізімі, байланыс телефонын 8 747 391 29 70 нөміріне WhatsApp қосымшасы арқылы жіберу керек.

Қосымша сұрақтар бойынша жоғарыда көрсетілген нөмірге хабарласыңыз (Мирас Мұқаш).