Шаһарда енді жолақы бағасы 50-ден 80 теңгеге өскенімен, бір айлық жүру билеттерінің құны сол күйінде қалады. Ол оқушылар үшін - 850 теңге, студенттер үшін - 2250, зейнеткерлер үшін - 1500 теңге. Жалпы бұл шара бесінші шақырылған қалалық мәслихаттың 22-мамырдағы 5 сессиясының шешіміне сәйкес жүзеге асып отыр. Сондай-ақ 2011 жылдың желтоқсан айында іске қосылған метро қызметі бағасы 80 теңге күйінде өзгеріссіз қалады.
12:34, 10 Шілде 2012
20 шілдеден бастап Алматыда қоғамдық көліктегі жолақысы 80 теңге болады
АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 20 шілдеден бастап қалалық қоғамдық көлікте жолақысы 80 теңге болады.