ЕСІМДЕР
67 жыл бұрын (1959) жазушы, этнолог, педагог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы АРТЫҚБАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын (1979), Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін (1984), Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты (қазіргі Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты) жанындағы аспирантураны (1989) бітірген.
Еңбек жолы: Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, Қарағанды мемлекеттік университетінің зертхана меңгерушісі, Павлодар мемлекеттік университетінің археология, этнология және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі; Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. 2012 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.
Еңбек жолы: 1990-1997 жылдары ҚарМУ Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры, 1997-2000 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Археология, этнология және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, 2000-2001 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетінің деканы, зертхана меңгерушісі, 2003-2008 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Х.Арғынбаев атындағы ЭСА ғылыми-практикалық орталығының Қазақстан археология, этнология және тарихы кафедрасының меңгерушісі, директорының міндетін атқарушы, 2008-2009 жылдары ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары (Астана қ.) лауазымын атқарған. 2009 жылдан бастап — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Археология және этнология кафедрасының профессоры, «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері.
61 жыл бұрын (1965) қоғам қайраткері Мұрат Абдуламитұлы ӘБЕНОВ дүниеге келді.
Ол Қызылорда облысында туған. 1990 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының математика және информатика факультетінің «Математика және информатика» пәндерінің мұғалімі мамандығын бітірген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары С. Сейфуллин атындағы № 4 орта мектепте информатика және есептеу техникасының мұғалімі, 1991 жылы Қызылорда қалалық білім басқармасының кадрлар және негізгі іс-әрекет бойынша инспекторы, 1991-1992 жылдары 1 Мамыр атындағы № 1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбиелік іс бойынша орынбасары (Қызылорда қаласы), 1992 Қызылорда қалалық әкімдігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы, 1993-1998 жылдары «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Апматы қаласы), 1999-2000 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңесшісі қызметінде болды. 2000-2002 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқарма бастығы, 2002-2005 жылдары Қызылорда облысы ішкі саясат департаментінің директоры, 2005-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, 2007-2011 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Азаматтық байланыстар және азаматтық қоғам институттары бойынша кеңесінің мүшесі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. 2012 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болды. «Қазақстан» телеарнасында «Серпіліс», 24.kz телеарнасында «Мұрат Әбеновпен ашық әңгіме» атты авторлық бағдарламасын жүргізді. 2013-2016 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2016-2017 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП президиумы жанындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновация комитетінің төрағасы, Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, 2018 жылы «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті лауазымын атқарған. 2022-2023 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі, 2023-2026 жылдары VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
55 жыл бұрын (1971) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы ТАСМАҒАНБЕТОВ дүниеге келді.
Көкшетау облысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) туған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын ғалым-агроном, экономист мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Привальное» кеңшарында бригадир есепшiсi болып бастады. 1994-1998 жылдары «Заподное» кеңшарында агроном, агроном-тұқым өсiрушi, кеңшардың бас агрономы, 1998-2000 жылдары Көкшетау облысында «Батыс Қазақстан» ЖШС директоры, 2000-2006 жылдары «ВЕСТ» ЖШС директоры, 2006-2014 жылдары Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi, 2014-2019 жылдары Петропавл қаласының әкімі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2019 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.
«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.
46 жыл бұрын (1980) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Сергеевич РЫПАКОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 2001 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2005 жылдары «Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары және спорттық резерв дирекциясы» бөлімінің нұсқаушысы, 2005-2007 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери институтының қызметкері, 2007 жылы «Ғажайып жұмысшы» ТОО жарнама агенттігі директорының орынбасары, 2007-2013 жылдары «Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары және спорттық резерв дирекциясы» жаттықтырушы-оқытушысы, 2013-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектебі» КММ директоры, 2019-2021 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2021-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы лауазымын атқарған.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1983) Қостанай облысы білім басқармасының басщысы Ардақ Құрмашұлы БЕГАТАРОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, 2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» колледжінде тарих пәнінің оқытушысы ретінде бастаған. Аталған білім беру ұйымында әртүрлі лауазымдарды атқарып, білім беру және басқару саласында мол тәжірибе жинақтаған. 2011-2013 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілікті беру жөніндегі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ШЖҚ РМК-де қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінде бас сарапшы болды, 2016-2017 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық өлшемдер орталығы филиалында еңбек еткен. 2017-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Білім беру, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінде бірқатар басшылық қызметтерді атқарған. 2021-2024 жылдары «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту бағытындағы жұмыстарға жетекшілік еткен. 2024-2026 жылдары Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымына 2026 жылғы маусымда тағайындалды.