20 тамыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 20 тамыз күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
9.00-де «Radisson Hotel» қонақ үйінде Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында Астана қаласында жария талқылаулар өтеді.
10.00-де Үкімет үйінде отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы кезекті Үкімет отырысы өтеді.
10.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, зергер Берік Әлібайдың «Ұрпаққа мұра» атты мерейтойлық көрмесі өтеді.
11.30-да Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді. http://www.facebook.com/maslihat.astana.kz
14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Су көлігі және оның мүмкіндіктері» атты баспасөз мәслихаты өтеді.