ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1959) жазушы, этнолог, педагог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы АРТЫҚБАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, Қарағанды мемлекеттік университетінің зертхана меңгерушісі, Павлодар мемлекеттік университетінің археология, этнология және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. 2012 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.
59 жыл бұрын (1965) «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы Қалижан Серікұлы ӘБДІРАЙЫМОВ дүниеге келді.
1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары ҚР Экономика, энергетика, индустрия және сауда министрліктерінде, Құрылыс жұмысы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2004-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 2008-2010 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2010-2011 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2011-2014 жылдары «Қазақстандық тұрғын үй құрылыс корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, 2014-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2017-2021 жылдары ҚР бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы лауазымын атқарған.
2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.
59 жыл бұрын (1965) VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы ӘБЕНОВ дүниеге келді.
Ол Қызылорда облысында туған. 1990 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының математика және информатика факультетінің «Математика және информатика» пәндерінің мұғалімі мамандығын бітірген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектепте информатика және есептеу техникасының мұғалімі, 1991 жылы Қызылорда қалалық білім басқармасының кадрлар және негізгі іс-әрекет бойынша инспекторы, 1991-1992 жылдары 1 Мамыр атындағы №1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбиелік іс бойынша орынбасары (Қызылорда қаласы), 1992 Қызылорда қалалық әкімдігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы, 1993-1998 жылдары «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Апматы қаласы), 1999-2000 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңесшісі қызметінде болды. 2000-2002 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқарма бастығы, 2002-2005 жылдары Қызылорда облысы ішкі саясат департаментінің директоры, 2005-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, 2007-2011 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Азаматтық байланыстар және азаматтық қоғам институттары бойынша кеңесінің мүшесі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. 2012 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болды. «Қазақстан» телеарнасында «Серпіліс», 24.kz телеарнасында «Мұрат Әбеновпен ашық әңгіме» атты авторлық бағдарламасын жүргізді. 2013-2016 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2016-2017 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП президиумы жанындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновация комитетінің төрағасы, Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, 2018 жылы «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті лауазымын атқарған. 2022-2023 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі болды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
53 жыл бұрын (1971) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы ТАСМАҒАНБЕТОВ дүниеге келді.
Ғалым-агроном, экономист мамандықтары бойынша Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын «Привальное» кеңшарында бригадир есепшiсi болып бастады. «Заподное» кеңшарында агроном, агроном-тұқым өсiрушi, бас агрономы; Көкшетау облысында «Батыс Қазақстан» ЖШС директоры, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда «Вест» ЖШС директоры болып жұмыс iстеген. 2006-2014 жылдары Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi, 2014-2019 жылдары Петропавл қаласының әкімі
2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.