«Құрамында OneWeb аппараттары, «Фрегат» үдеткіш блогы және бас ағызғыштан тұратын бас бөлікті құрастыру жұмыстары аяқталды. Ұшыруға даярлықтың келесі кезеңі - «Союз-2.1б» зымыран-тасығышымен біріктіру үшін бас бөлікті № 31 алаңның техникалық кешеніне тасымалдау», - деп мәлім етті Роскосмостың баспасөз қызметінен.
Бұған дейін хабарланғандай, OneWeb спутниктерінің жаңа партиясы Байқоңырға 2021 жылдың 30 шілдесінде жеткізілді. OneWeb-тің 34 ғарыш аппаратын ұшыру Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңының «Восток» ұшыру кешенінен 2021 жылдың 20 тамызына жоспарланған.