Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет авто» өткізу-бақылау бекетінің наряды «Камаз» автокөлігіне құжатсыз 20 тонна қара металл сынықтарын тиеп, шекара аспақ болған Ресей азаматын тоқтатты.
Қызылордада шекарашылар қалалық ішкі істер басқармасының есірткіге қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, 1976 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматын ұстады. Тексеру барысында ұсталған азаматтың сөмкесінен салмағы 10 келі болатын «героин» табылды.
Сондай-ақ, «Сарыағаш т.ж.» шекаралық бақылау бекетінің наряды «Қазақстан-Өзбекстан» бағытындағы пойызды қарау кезінде иесі жоқ 20 литрге жуық спирт пен 22 келі кондитерлік өнімдерін алды.
Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.