Батыс Қазақстан облысындағы «Жайсаң» көлікті өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары түсті металды шекарадан заңсыз өткізбек болған Ресей Федерациясының азаматын ұстады, құймадан құйылып, цилиндр түрінде жасалған заңсыз жүктің салмағы - 20 тонна.
Оны тексергенде жүкті алып жүруге қажетті сертификат пен лицензиясы болмай шықты. Ал жүктің құны 40 000 000 тенге болады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.