Бұл шеңбердің квадратурасы мен кубтың екі еселенуі туралы есептермен қатар көп ғасырлар бойы классикалық шешілмейтін құрылымдық ойжұмбақ деп саналып келді. Мәселе мынада, циркульдің және сызғыштың көмегімен берілген бұрышты тең үш бөлікке бөлу керек. Мұндай құрылымның мүмкін еместігін, тіпті, француз математигі Пьер Лоран Ванцел 1837 жылы дәлелдеген.
Ақылбек есеп туралы алғаш рет 15 жасында математикадан факультативтік сабақ барысында ұстазынан естіген. Содан бері ол әр бос уақытын есеп үстінде өткізген.
Бұл көне есептің шешімі Еуропалық математика одағының сайтында ұсынылып отыр.
Ақылбек есептің шешімін тапқанын түсінген кезде, Еуропа математика қоғамына дереу хат жазған. Екі айдан кейін жауап келді. Жоғары комиссия Ақылбек Көпжасаровты 2018 жылы кезекті Еуропалық математикалық конгресс кезінде марапатқа ұсынбақ.
Жас жігіт Абель сыйлығын алғысы келетіндігін жасырмайды. Бұл математика бойынша Нобель сыйлығына пара-пар келеді, ақшалай сыйлық мөлшері 1 млн доллардан астам.