20 жастағы қазақстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
Ол 34 жастағы аргентиналық Ариэль Алехандро Сампедриге (9-3, 7 КО) қарсы өткізген 4 раундтан тұратын жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. 84-ші секундта қарсыласының бауыр тұсынан мықты соққы берген қазақстандық оны нокаутқа жіберді. Осылайша Ахмедов кәсіби рингте екінші рет жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы өзінің карьерасында осымен 4-ші рет жеңіліске ұшырап отыр.
Айта кетейік, Садриддин 7 сәуір күні мексикалық боксшы Тони Баррераспен (1-2, 1 КО) шыққан болатын. Қазақстандық қарсыласын бірінші раундтың 31-ші секундында нокаутқа жіберді. Осы жеңістен соң UCN тілшісі Live Райан Скалия қазақстандықтың болашағының зор екендігін айтты, ал оның әріптесі TVA Sports тілшісі Николя Мартино Садриддиннің есімін есте ұстау қажеттігін жеткізді.
Кезекті кездесуін Ахмедов 16 маусымда Шавиниганада (Канада) өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.