20 жастағы қыз «Астана триумфы» тұрғын үй кешенінің 21-қабатынан құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 жастағы қыз «Астана триумфы» тұрғын үй кешенінің 21 қабатынан құлады. Бұл туралы елордалық ішкі істер департаментінен хабарлады.

«Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығына куәгер азамат «Астана триумфы» тұрғын үй кешенінің 21-қабаттағы кіреберісі балконынан қыздың құлап түскенін хабарлады. Қаза болған қыздың аты-жөні анықталды. Ол - 20 жастағы Астана тұрғыны»,- делінген ІІД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қазіргі кезде бұл оқиғаның мән-жайы анықталуда. Осы бағытта тиісті тексеру жұмыстары басталып кетті.