20 желтоқсан. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. Жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1966). Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Мәдениет» журналының бас редакторы болып істеген. Алғашқы әңгімесі «Жолда» 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. «Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың үйленуі», «МұңлықЗарлық», «Амал мен айла» т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас» (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.Ұ.Қолдауова) көркем фильмдері түсірілді. Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының (1985, «Мұрагерлер» пьесасы үшін), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1992), Халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2006).
Солтүстік Қазақстан облысында Неждановка ауылында туған. 1993 жылы Абай атындағы Алматы қаласының Ұлттық университеттің, ал 2005 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді. 1993 жылы Алматы қаласының №156 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болды. 1999 -2001 жылдары «Бектауата» ЖШС-да бухалтер қызметін атқарды. 2001-2004 жылға дейін Алматы облыстық Қоршаған ортаны қорғау департаментінің жетекші, бас маманы, инспекторы, кейін бөлім бастығы болды. 2004 жылы шілдеде Алматы облысы, Ақсу ауданы әкімнің орынбасары болып тағайындалды. 2008-2012 жылдың қаңтарына дейін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болды. 2012-2015 жылдары Алматы облысы әкімінің бұйрығы бойынша Талдықорған қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. 2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан бастап істейді.
Қызылорда қаласында туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда облысы Арал аудандық прокурорының көмекшісі болып бастаған. 1998-1999 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі болған. 1999-2008 жылдары Қызылорда облыстық прокуратура органдарында түрлі қызметтер атқарған. 2012-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары, 2017-2019 жылдары - ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болған. 2012-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппарат басшысының орынбасары – ҚР Бас прокуратурасы департамент басшысы. Қазіргі қызметін 2019 жылдың сәуірінен бастап атқарып келеді.