Тек оңтүстік және оңтүстік шығыс аумақтарда сейсенбі жауын-шашынсыз өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақмола облысында 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады.
Қарағанды, Павлодар облыстарының кей аумақтарында бұрқасын соғып, 15-20 м/с-пен ұйытқыған жел 25 м/с-қа күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерін түнде және таңертең тұман басады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с-қа артады.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Қостанай облысының кей жерлерінде - тұман, 15-20 м/с-пен соққан жел 23 м/с-қа күшейеді.
Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде бұрқасын соғып, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.
Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады.
Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ күтіледі.