деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, 2011 жылдың 1 қыркүйегі мен 20 желтоқсаны аралығында 3,9 млн. тоннаға жуық жаңа астық жөнелтілген, оның 2,2 млн тоннасы экспортқа шығарылса, 1,7 млн. тоннасы республика ішінде тасымалданды. Солтүстік облыстардың астық қабылдау кәсіпорындарынан басқа облыстардың қамбаларына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ-ымен 500 мың тонна астықты жөнелту аяқталды.
Жалпы қараша айында 1,3 млн. тоннаға жуық астық жөнелтілді, оның ішінде 853 мың тонна экспортқа шығарылып, республика ішінде 419 мың тонна астық тасымалданды. Бұл 2011 жылдың 14 қазандағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің селекторлық отырысындағы тапсырмаға сай атқарылды.
Бұған қоса, вагондардың жетіспеушілігінен желтоқсан айында астықты жөнелту қарқынының төмендеуі байқалды. 2011 жылдың 13 желтоқсанында өткен ҚР КК және ҚР АШМ селекторлық отырысында үстіміздегі айдың соңына дейін 1,1 млн. тонна астық жөнелту жүктелді. Бірақ, 20 желтоқсандағы жағдай бойынша 480,9 мың тонна астық экспортқа жөнелтілген. Бұл отырыста белгіленген тасымалданатын жалпы астық көлемінің 43,7 пайызын құрайды.
Осыған байланысты 2011 жылдың 21 желтоқсанында өткізілген ҚР КК және ҚР АШМ селекторлық отырысында үстіміздегі жылдың астық өнімін тасымалдау қарқынын барынша ұлғайту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
Осыған байланысты ілеспе құжаттарды уақытылы рәсімдеу бойынша ұйым басшыларының және қызметтердің жауапкершіліктерін жоғарлату, вагондардың бос тұрып қалуына жол бермеу мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтіледі.