20 жыл ішінде Атырау облысында ана мен бала өлімінің көрсеткіші азайып, аймақта бала туу коэффициенті артты
Облыста ана өлімі 1991 жылғы 51,4 көрсеткіштен (1000 жаңа босанған әйелге шаққанда ) 2010 жылы 20,4-ке дейін қысқарды.
Сәби өлімі 1991 жылғы 33,4 көрсеткіштен (1000 тірі туған нәрестеге шаққанда) 2010 жылы 17-ге дейін төмендеді. Адамның өмір сүру ұзақтығы 63,8 жастан 68,4 жасқа дейін артты.
Атырау облысында 213 медициналық ұйым денсаулық сақтау жүйесінде қызмет етеді. Оның ішінде 173 мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы, 40 жекеменшік ұйым бар. 2010 жылы өңірде Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі енгізіліп, 72 емдеу-алдын алу ұйымы аккредитациядан өтті, оның ішінде 39 станционарлық ұйым бар. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерге телемедицина енгізілді, бұл халыққа арнайы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
2010 жылы аймақ бойынша жалпы құны 12 млрд. теңге болатын денсаулық сақтау нысандары салынды. Атап айтқанда, Махамбет ауданы Құлсары қаласы мен Сарытоғай ауылында туберкулезге қарсы ауруханалар, Атырау қаласында 500 науқасты қабылдай алатын емхана мен 250 адамды қабылдай алатын 5 типтік емхана салынды. Сонымен қатар, «Жол картасы» бағдарламасының аясында облыстық тері-венерологиялық диспансер мен бірқатар ауылдық дәрігерлік амбулаториялар күрделі жөндеуден өткізілді.