Пәтерден пәтерге көшіп, жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға сыныптастары - 1999 жылы мектепті бітірген түлектер Шақпақ ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етіп, 20 жылдық кездесулерінде сауапты іс жасады.
Сонымен қатар, өздерінің сыныптастары Ақбала Өмірзақованың үйіне көрімдік ретінде тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.
Баспанаға ие болған көпбалалы отбасы Ақбала Өмірзақова сыныптастарына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Айта кетерлік жайт, Ақбала Өмірзақованың жолдасы ерте қайтыс болған. Төрт баласы бар. Үлкені 8-сыныпта, кішісі дайындықта оқиды.