200-ден аса тұтқын 5 күзетшіні өлтіріп, түрмеден қашып кетті

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат -  Ирактағы Тикрит қаласының түрмесінен 200-ден аса тұтқын қашқан. Олар түрменің бес күзетшісі өлтірген.

Олар алдымен күзетшілердің қаруларын иемденіп, оқ боратқан. Содан соң, кілттерді тартып алып, өзге камералардың есіктерін ашқан.

Оқиға орнына қосымша полиция бөлімшелері жіберілді. Сондай-ақ Бағдад пен Самарра қалаларынан тікұшақтар ұшып келді. Түрме қоршалды, тәртіп сақшылары мен бүлікшілер арасында атыс болып,  полиция 30-дан аса адамды қолға түсірді. Ирак үкімет өкілдерінің айтуларына қарағанда, түрмедегі бүлікті «Әл-Каида» мүшелері ұйымдастырған болуы ықтимал.