Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстің бірнеше сағатқа кейінге шегерілуі ұшақтың кешігіп келуінен болған.
«Себебі, алдыңғы ұшу кезінде ұшақтың фюзеляжы (корпусы) зақымдалғаны анықталды. Оны жою бойынша жұмыстар жүргізілді», - деп хабарлады әуе компаниядан.
Айта кетейік, KS 915 рейсі Алматыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та ұшуы керек болатын. Алайда, бірнеше сағатқа кешігіп, 17:15-те ұшты. Рейске 209 жолаушы тіркелді.
«Олар сусындар мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, сондай-ақ қарттар мен балалы туристер ұшақты терминалдың бизнес-залында күтті. Әуе компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - деп атап өтті Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.