Associated Press агенттігі хабарлағандай, өлім жазасына кесілгендердің нақты саны белгісіз. Сотталғандардың саны 182-197 арасында делінеді. Заңгерлердің айтуынша, шағымданып, үкімді қайта қаратуға болады.
Бұған дейін хабарланғандай, «Мұсылман-бауырлар» тобының басшысы Мохаммед Бадиа және тағы 682 қозғалыс мүшесін өлім жазасына кесу үкімі шыққан. Бұл жерде нақтылай кететін бір нәрсе - Бадиаға бұл үкім сырттай кесілген. Өйткені ол сақшылардан әлі күнге бой тасалап жүр.
Өткен жылғы желтоқсанның аяғында - биліктен исламис президент Мухаммед Мурсидің шеттетілгеніне жарты жыл толғаннан кейін сот «Мұсылман-бауырларды» террористік топ деп жариялаған болатын.