200 ерікті «Астанамен қатар тұр!» шеруіне дайындық үшін елорда көшелеріне шықты

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Астанада қаланың 15 жылдығын мерекелеуге қатысу үшін еріктілер бригадасы ұйымдастырған жаттығу басталды, - деп хабарлады Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының медиатобына сілтеме жасап astana.kz сайты.

Жексенбі күні 16.00-де елорданың орталық көшесінде 200 ерікті «Астанамен қатар тұр!» шеруіне дайындық жүргізді.

Сол үшін бір сағат бойы Республика даңғылынан бастап Сейфуллин көшесін Абай даңғылына дейін жол жабылды.

Еске салайық, Астана күні қала тұрғындары «Астанамен қатар тұр!» шеруіне қатысады. Мұнда әр топты қазақстандық спорт, шоу-бизнес, өнер жұлдыздары бастап жүреді.

«Астанамен қатар тұр!» шеруінің бағдары екі бағытта: 1) Жастар сарайы - Республика - Кенесары - Сары-Арқа даңғылдары - Мемлекеттік Ту - Бәйтерек 2) Мемлекеттік Ту - Бәйтерек - Салтанатты Иін өтеді.