200 млн теңге жымқырып, алаяқтық жасаған ерлі-зайыпты ұсталды

АСТАНА.KAZINFORM - ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: Polisia.kz

Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі жаңа алаяқтық схемалар туралы ескертті.

Алаяқтық жолмен пайда тапқысы келген ақтөбелік депутаттар бас бостандығынан айырылды.