Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Парламентi Сенатының депутаты Ахан Бижанов мәлiм еттi.
"Бiздiң мемлекет жұмыссыздықты болдырмау мақсатында барлығын iстеп жатыр. Ең басты қолға алған шарасы - "Нұрлы жол" бағдарламасы. Осының арқасында бiз қазiргi заманғы көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымға ие боламыз. Жол құрылысы белең алады. Бұл көлiк және логистика мәселелерiн шешу ғана емес, экономиканың өзге салаларын: металл өндiрiсi, цемент, құрылыс материалдары және тағы басқа салаларға серпiн бередi. Сонымен қатар 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда", - дедi ол.
Депутаттың айтуынша, сонымен қатар "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол бойынша, 2010-2014 жылдар аралығында 260 мың жұмыс орны ашылған.
"Жұмыссыздықты болдырмаудың тағы бiр бағыты - шағын және орта бизнестi қолдау. Кәсiпкерлiктi дамытуға бюджеттен 75 млрд теңге бөлiндi. Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы жобалар да сақталады. Биыл индустрияландыру аясында 75 нысан салынады және 7,5-8 мың жұмыс орны құрылады", - дедi сенатор.