200 мың теңге пара алған әкім он млн теңге айыппұл төлейді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбылоблысы бойынша департаменті Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Қ.Шалбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Қ.Шалбаев Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жер телімінберу туралы оң шешім шығарғаны үшін 200 мың теңге пара аллды деген күдікпенұсталған болатын. 16 тамызда Байзақ аудандық сотының үкімімен Шалбаевқа 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол,сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.Аталмыш айыппұл сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде төленуітиіс. Өйтпеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылады», -делінген департамент таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар