АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы 21 қыркүйектен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін 200 мыңға жуық шетелдік азамат өтінім берді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«21 қыркүйектен бастап 200 мыңға жуық өтінім түсті. Бұның ішінде барлық шетел азаматтары бар. Мен ЖСН беру туралы нақты ақпаратқа жауап бере алмаймын. Мұнда бизнес жүргізгісі келетін немесе жұмысқа орналасқысы келетін кез келген шетелдік азамат банктік шот ашады. Ол ЖСН алуға міндетті», - деді Әсет Тұрысов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере тұрып.
Еске салсақ, 21-27 қыркүйек аралығында 8 мыңнан астам шетелдік ЖСН алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ ЖСН алу ресейліктерге қандай мүмкіндік беретіні түсіндірілген еді.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.