Бастамашыл топ Қызыл планетада тұрақты базаны ұйымдастыруға бел буып отыр. Егер де астронавтар табылған жағдайда тәуекелге барып, жеті айлық саяхатқа шығуға әзір екен.
Ұйымдастырушының бірі, яғни голландиялық инженердің сөзінше, жоба мақсаты - 2023 жылға қарай Марсқа 40-қа жуық адамды жіберу.
Ал бұл саяхатты демеушілер және телеарналармен жасалған келісімшарттар өтейтін болады.
Ғарыштық агенттіктердің мәлімдемесіне сүйенсек, Марста адамдар колониясын құруға мүмкіндік беретін технологиялар әлемде жоқ екен.
Осы күнге дейін Қызыл планетаға ұшқышсыз миссиялар ғана жіберілген болатын. НАСА мәліметіне қарағанда, олар Марсқа адамды шамамен 20 жылдан кейін аттандыруға ниеттенуде.