«Жалпы соманы есептеу РФ Зейнетақы қорының өкімінде бар, ол сақтандырушылар мен сақтандырылған тұлғалар берген мәліметтер негізінде жүргізіледі», - деп хабарлады сұхбат беруші.
Министрліктің бағалауынша, Ресейде жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 2016 жылы - 14 миллион 210 мың, 2017 жылы - 14 миллион 320 мың, 2018 жылы - 14,2 миллион адам болмақ.
Жылдық табысының мөлшері зейнетақы алуын тоқтатуға соқтыратын зейнеткерлердің саны 1,5 пайызды - 220 мыңға жуық адамды қамтиды.
Бұдан бұрын 1 млн руб бастап, одан жоғары орташа жылдық табысы бар жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төлеу 2016-2017 жж. шектелуі мүмкін екенін еңбек министрі Максим Топилин хабарлаған.