Атап айтқанда, Сарыағаш («Б. Қонысбаев» және «Жібек жолы» өткізу бекеттері) және Ақтөбе («Жайсан» бекеті) учаскелерінде 1 500 литр дизель отыны мен АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталды.
Орал шекара жасағы учаскесінде 900 кг сиыр етін, 3 000 000 теңгенің құрылыс материалдарын, 20 тонна жемісті, 18 тонна қантты, Ақтөбе учаскесінде 100 кг тоқыма өнімдерін, 11,5 тонна көкөністі (қияр, қызанақ, пияз) Қазақстанға заңсыз алып кіруге, сондай-ақ Қостанай учаскесінде 31 тоннадан асатын халық тұтынатын тауарларды алып шығуға жол берілмеді.
Бұдан бөлек, Қырғыз Республикасынан 200 тотықұсты елге заңсыз жолмен алып кірмек болған 1975 жылы туған ҚР азаматшасы ұсталды.