Бұл жайлы Euronews хабарлайды.
Сиднейден Куала-Лумпурға жол алған авиалайнердің бортында 200-ден астам жолаушы болған. Төрт сағат ұшқан соң, салонда жарық сөніп, аэробус теңселе бастайды. Содан кейін лайнер капитаны шұғыл қонуға шешім қабылдаған.
Малайзия әуе компаниясындағылардың айтуынша, ұшаққа төнген айтарлықтай қауіп болмаған. Дегенмен, экипаж қозғалтқыштардың біріндегі ақауға байланысты көмек алу үшін Элис-Спрингс қаласына қонуды жөн деп санаған.