200 жыл бұрын ішімдік құйылған бөтелке табылды
22:23, 21 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша жағалауында суға батып кеткен ежелгі кемені зерттеген археологтар одан "Selters" жазбасымен балшықтан жасалған бөтелке тапты.
Алдын ала деректерге сүйенсек, бірегей жәдігерге 200 жылдай болған, ең қызығы, ондағы ішімдік әлі де пайдалануға жарамды, деп хабарлады Independent.
Гданьск шығанағы аумағында жұмыс істеген археологтардың айуынша, ішімдікке су, арақ, джин қосылған. Сусынның күштілігі 14 пайызды құрайды.