30 жастағы спортшы қыз мінген көлік Пиргосқа бара жатқан жолда жүк көлігіне соқтығысып қалған. Қайғылы оқиғаға орай Грекияның гимнастика федерациясы Поллатудың туған-туыстарына көңіл айтты. Айта кетейік, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында Грекия құрама командасының құрамында өнер көрсеткен Анна Поплату қола жүлдені иеленген болатын. Соңғы уақыттарда ол жаттықтырушылықпен айналысып жүрген.
06:19, 19 Мамыр 2014
2000 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері көлік апатынан қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2000 жылы өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, көркем гимнастшы Анна Поллату көлік апатынан қаза тапты. Бұл туралы Грекия гимнастика федерациясынан хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.