2002 жылы туған астаналық аяқдопшылар Зерендіде өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 11 турнир. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді кентінде 2002 жылы туған балалар арасында «Қысқы демалыстар» халықаралық турнирі өтті. «Астана» футбол клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған Қазақстан мен Ресейден командалар қатысқан.

Бұл жарыста «астаналықтар» ақтық сында көкшетаулықтарды («Энергетик» ) 3:1 есебімен ұтып жеңімпаз атанды. Ал үшінші орын үшін болған сайыста Ақмола облысы Жақсы ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) командасы Степногорск қаласындағы Балалар мен жсасөспрімдер спорт мектебіндегі құрдастарынан 6:2 есебімен басым түсті. Қызылжар қаласының «Жеңіс», Зеренді кентіндегі БЖСМ-1 командасы, Омбы қаласының «Энергия», Зеренді кентіндегі БЖСМ-2 командасы 5-8 орындарды өзара бөлісті.

Онда Қайрат Тоқсанбаев жаттықтыратын «Астана» командасы алғашқы кезеңде де 7 кездесудің қорытындысы бойныша 16 ұпаймен үздік шыққан болатын. Айналым жүйесі бойынша өткен турнирде олар 5 ойында жеңіп, 1 ойында тең түсіп, бір ойында жеңілістің ащы дәмін татты. Бұл сайыстарда астаналықтардың намысын - Бақтияр Таукенов, Бекдос Мұхаметалим, Уәлихан Тюлюпов, Рахат Садығұлов, Илья Куценко, Марат Жүнісов, Алмас Құланов, Азамат Досов, Диас Мұратов, Ибрагим Камзев, Ихсан Чайа, Роман Хлевняк, Мадияр Мұсаев, Дәурен Баймұханов қорғаған.