2005-2007 жылдардағы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының тағы 600-ден астам қатысушысы қоныс тойын тойламақ

ТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысып, тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған тағы 600-ден астам елордалық сарыла тосқан пәтерлеріне қол жеткізбек.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, ағымдағы жылдың 21 қазанында тұрғын үй комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Сауран көшесі, 14 мекен-жайы бойынша орналасқан №5 тұрғын үй кешенінен баспана алатын өтініш берушілердің кандидатуралары бекітілді.

Әкімдіктің www. аstana.kz ресми сайтында «жас отбасылар», «мемлекеттік қызметкерлер» және «бюджеттік мекемелер мен әлеуметтік сала кәсіпорындарының қызметкерлері» санаттары бойынша пәтер алған азаматтардың тізімі орналастырылды.

Алдағы уақытта олар сату-сатып алу келісімін рәсімдеу үшін Астана қаласының Тұрғын үй басармасына шақырылатын болады.