2006 жылдан Қазақстанға 226 млрд. шетелдік тікелей инвестиция тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға шетелдік инвестициялардың негізгі ағымы Нидерландтан келіп жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Борисбий Жанқоразов мәлім етті.

«Дәстүрлі түрде негізгі инвестиция ағымы Нидерланды секілді елден келіп жатыр. Егер де 2006 жылдан бастап 2016 жылғы бірін тоқсан аралығындағы кезеңді алатын болсақ, біз 226 млрд. доллар сомасында шетелдің тікелей жалпы инвестицияларды тарттық»,-деді ол.

Инвестициялардың көп бөлігі Нидерландыдан (65 млрд. доллар) келді, екінші орында АҚШ - 25 млрд. доллар, үшінші орында Швейцария - 15 млрд. доллар, одан кейін ҚХР, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Италия, Жапония және басқа мемлекеттер тұр.

 «Барша әлемде АҚШ, Ұлыбритания, Голландия, ҚХР, Түркия ірі инвесторлар болып саналады. Осы елдер біздің экономикамызға тиісті үлесін қолып келеді. Атап айтқанда, көп елдер Нидерландыны басқа мемлекеттердің нарығына шығудың тұғырнамасы ретінде пайдаланады»,-деді Б. Жанқоразов.