2007 жылдан бері кәсіпкер әйелдердің 3,6 миллиард теңге болатын жобалары қаржыландырылды - Г.Әбдіхалықова

None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2007 жылдан бері кәсіпкер әйелдердің 3,6 миллиард теңге болатын жобалары қаржыландырылған.

2011-2012 жылдар аралығында шағын және орта бизнес саласында қорландыру көлемі артып, жылына 2 миллиард теңгеге жетті. Осы бағытта жүргізілген шаралардың нәтижесінде экономикадағы жалдамалы әйел жұмысшылардың саны 2007 жылғы 2,4 миллион адамнан 2,6 миллион адамға жетті. Бұл мәліметтермен бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мәжілісінда аталмыш комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова таныстырды.

Оның деректеріне қарағанда, 2007 жылдан бері әйелдердің экономикалық белсенділігі 65-тен 66 пайызға дейін артқан. «Еліміздің соңғы жылдардағы экономикалық тұрақтылығы мен жалпы экономиканың қарқынды дамуы отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді. 2006 жылы ана мен баланы әлеуметтік тұрғыда қорғаудың жаңа жүйесі дами бастады. 2006 жылмен салыстырғанда, баланың тууына байланысты берілетін жәрдемақы 2,7 есеге артты, ал 4-ші балаға берілетін жәрдемақы 4 есеге өсті. Сондай-ақ бала күтімімен байланысты жәрдемақы 2,5 еседен астам артты»,-деді министр.