2008-2010 жылдардағы Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңіндегі тұрғын үй алуға кезекті қоныстанушылар анықталды

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде (бірінші кезең) тұрғын үй алуға оң шешім алған 559 азамат қоныс тойын атап өтеді.

Астана әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылы 22 тамызда тұрғын үй комиссиясы отырысы өткізілді, онда жаңадан тапсырылған тұрғын үй кешендеріне орналастыру үшін өтініш берушілер бекітілді.

Аталған азаматтар жақын арада сатып алу-сату шартын жасау үшін Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына шақырылатын болады.