2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылардың тізімі тамыз айының соңында жарияланады - Астана әкімі

ТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушылардың тізімі ағымдағы жылғы тамыз айының соңында немесе қыркүйек айының басында жарияланатын болады.

Бұл туралы ғаламтор пайдаланушының сұрағына жауап берген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз блогында жазған.

«Мен хабарлағанымдай, тамыз айнының соңында немесе қыркүйек айының басында осы Мемлекеттік бағдарламаға қатысатын азаматтардың тізімін жария етеміз», - деп еске салған шаһар басшысы.