2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй-құрылыс бағдарламасы бойынша Алматыда 1634 пәтер пайдалануға берілді - Тұрғын үй департаментінің бастығы

None
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуір-мамыр айларында қалалық бағдарлама бойынша облигациялық заем есебінен салынатын пәтерлерге құжат қабылдау рәсімі басталады.

Оны Тұрғын үй департаментінің бастығы Қайрат Нұрқаділов бүгін қаланың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған мәжілісте айтты.

"Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы" бағдарламасы бойынша 15 305 өтініш қабылданды. 2009-2010 жылдары бұл бағдарлама бойынша 1634 пәтер пайдалануға берілді. Оның 292-сі жас отбасыларға, 396-сы мемлекеттік қызметкерлерге, 361-і мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, 585-і мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне берілді", дейді Тұрғын үй департаментінің бастығы Қайрат Нұрқаділов.

Оның айтуынша, бұл бағдарлама аяқталғандықтан өтініш қабылдау аяқталғанымен оған қызығушылық білдірушілер әлі толастар емес. Енді қалалық бағдарлама бойынша облигациялық заем есебінен 2011-2014 жылдары 2500 пәтер салынады. Қаражат револьверлік жүйе бойынша жұмыс істейді.