деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Комиссия отырысында «мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері» санаты бойынша үміткерлердің баллдары бекітілді.
2008-2010 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы ауқымында салынған тұрғын үйді жүзеге асырудың белгіленген ережелерінде көрсетілген санатқа балл қою жүйесін пайдалану арқылы іріктеу өлшемдері мынадай:
І өлшем - егер өтініш беруші әлеуметтік саладағы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болса - 10 балл;
ІІ өлшем - мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс өтілі (еңбек өтілі толық бір жыл есебімен анықталады) - 3 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
ІІІ талап - өтініш берушінің зайыбы (жұбайы) да мемлекеттік органның, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылса (жұмыс өтілі толық бір жыл есебімен анықталады) - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
IV талап - отбасында балалардың бар болуы, әрбір бала үшін - 3 балл.
Жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша өтініш берушіге баллдарды беру келесі жағдайларда есептеледі:
егер өтініш беруші 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын-үй құрылысын дамыту бағдарламасына қатысып, бірақ тұрғын үй комиссиясының қорытындысын - 10 баллды алмаса;
өтініш беруші не оның зайыбы болып табылатын әйел жүктілігі жиырма аптадан жоғары болса - 3 балл, «жас отбасы» талабы бойынша - 10 балл;
отбасында 1-інші және 2-інші топтардағы мүгедектер бар болса - тиісті құжаттармен (мүгедектігі туралы анықтама) расталған жағдайда - 3 балл.
Комиссия 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысты мәселелермен 2009 жылғы кезең бағдарламасына қатысушылардан өтініштерді ағымдағы жылғы қыркүйектің 15-іне дейін қабылдауға шешім алды.