16:42, 18 Наурыз 2009
2008 жылдың алғашқы жартысында сот органдары табиғатты ластағаны үшін 1,308 миллион теңгенің 53 талабын қанағаттандырды ? апталық брифинг
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Бас прокуратура өкілдері елімізде табиғатты ластаушыларға қатысты шығарылған сот шешімдеріне жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесімен таныстырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісовтың сөзіне қарағанда, 2007 жылы прокурорлар табиғатқа келтірген зияндарды өтеу үшін сот органдарына жалпы құны 5,5 миллиард теңгені құрайтын 86 талап енгізген. Ал 2008 жылдың алғашқы жартысында 205,1 миллион теңгенің 61 талабы енгізілген. «2007 жылы енгізілген талаптар бойынша Қызылорда облысының прокурорлары алдыңғы орынға шықты. Олар табиғатты ластаушылардан 564 миллион теңге өндірді. 2008 жылы Атырау облысының прокурорлары 62,8 миллион теңге өндірді», деді ресми өкіл. Оның мәліметтерінше, 2007 жылы сот органдары 766 миллион 767 мың 727 теңгенің 81 талабын қанағаттандырған. Бұл жылы қанағаттандырылмаған талаптар болмаған. «Ал 2008 жылдың жартысында 1,308 миллион теңгенің 53 талабы қанағаттандырылды», дейді С.Нұрпейісов.