Қазақстан Бас прокуратурасы мен Германияның құзырлы органдары арасындағы осындай келісімге халықаралық құқықта әрекет ететін өзара ауыстыру қағидасы негізінде қол жеткізілді.
Германдық тарап Вюрцбург қаласы жергілікті сотының Талдықорған қалалық сотының үкімін орындау туралы шешімін кепілдік ретінде ұсынды. Сол шешімде қазақстандық сот үкімі қайта қаралмайтыны және үкім бойынша өндірілуі тиіс шығынды сотталушының толығымен өтегені көрсетілген.
Осыны негізге ала отырып, Бас прокуратура ұлттық заңнамаларға сәйкес, жазасын әрі қарай өз елінде өтеуі үшін сотталушыны беру туралы шешім қабылдады.