Ағымдағы маркетинг жылындағы жағдай нашар болмағандығын атап өткен ол «біз қазіргі уақытта 7,8 миллион тонна астық пен ұнды экспорттай алдық. Алайда маркетингтік жыл қорытындысына әлі бір ай уақытымыз бар», деді.
Оның атап өтуінше, мамыр айында еліміз 1 миллионға жуық тонна астық пен ұн экспорттауға мүмкіндік алған. «Бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш», дейді ол.
Ауыл шаруашығы министрлігінің келтірген деректеріне сәйкес, ағымдағы жылы көктемгі егіс науқаны өткен жылмен салыстырғанда 316 мың гектарға кем көрсеткішпен аяқталған. Бидай - 14,2 млн., жүгері - 95,4 мың, күріш - 92,8 мың, қант қызылшасы - 19,9 мың, мақта - 136 мың, көкөніс дақылдары мен картоп - 274,8 мың гектарға егілген.